Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

ШҚО полицейлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” ЖҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен орталық Арбатта өткізілді. Оған полиция қызметкерлері белсене ат салысты. Мұндай іс-шараның негізгі міндеті – ішкі істер органдарының бөлімшелеріне қызметке қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жәрмеңкеге қатысушылар көбіне тәртіп сақшыларына қазіргі уақытта полицейлерге қандай талаптар қойылатындығы туралы, заңдарды білуге тестілеуден қалай өту керек, дене шынықтыру дайындығын тапсыру кезінде қандай нормативтерден өту керек екені туралы сұрақтар қойды.

Сонымен қатар студенттерді тәртіп сақшыларына тән кәсіби қалыптасу және қызметте өсу мүмкіндіктері мен жеке қасиеттер мәселелері бойынша сұрақтар қызықтырды.

– Бос орындар жәрмеңкесі – жастар үшін тікелей сұрақ қоюға және полиция қатарына қосылу мүмкіндігі туралы пайдалы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік. Өз қызметтік міндеттерін табысты орындау үшін сауатты мамандар қажет, өйткені полициядағы жұмыс жедел шешім қабылдаумен, азаматтармен қарым-қатынас жасаумен, олардың проблемалық мәселелерін шешумен тікелей байланысты, – деді ШҚО ПД кадр саясатының бастығы Ерхат Шалқыбаев.

Сонымен бірге барлық ниет білдірушілер пайдалы ақпараты бар жадынамалар мен өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру