Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында курорттық аймаққа келуші туристер үшін 10 полицей жауапты

Ақмола облысында курорттық аймаққа келуші туристер үшін 10 полицей жауапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айынан бастап демалыс уақыты кезінде туристік полиция қызметкерлері қажет жандарға 144-тен астам кеңес берді. Полицейлердің айтуынша, туристер олардан тауға шығуға рұқсат беру пункттері, темекі шегуге, тұраққа, таксиге арналған орындар және тағы басқа да  әлеуметтік немесе мәдени нысандардың орналасқан жері туралы сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, туристік полиция Ақмола облысында үш жылдан бері жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі арнайы бөлімше, оның міндеттері облыстың курорттық аймақтарындағы қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристерге көмек көрсету.

Туристік полицияның міндеттеріне мыналар кіреді: облыс аумағына уақытша келген басқа елдердің азаматтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдік туристерге кеңес беру, жаяу жүргіншілер аймақтарын патрульдеу, туристерге ұрлық пен қарақшылық шабуылдарды жедел тергеу.

Туристік полицияның барлық қызметкерлері шет тілдері курстарын және туристермен қарым-қатынас ережелерін оқытуды қамтитын қажетті дайындықтан өтеді. Ақмола облысында осы желі бойынша 10 полицей қызмет атқарады.

1 маусымнан бастап Бурабай және Зеренді АПБ туристік полиция қызметкерлері күн сайын «Бурабай» және «Зеренді» курорттық аймақтарының аумағында қызметке кіріседі. Туристік полиция қызметкерлері полицияның туристік бекеттерінде күндізгі уақытта курорттық маусымда қызмет атқарады, сондай-ақ курорттық аймақтарды электромобильдермен патрульдеуді жүзеге асырады. Бүгінгі таңда туристік полиция қызметкерлері 49 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 37, ұсақ бұзақылық жасаған 12 азаматты анықтаған. Облыстың курорттық аймақтарының аумағында шетелдіктермен және шетелдіктерге қатысты ешқандай қылмыс болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру