Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сөмкесіне есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды

Шымкентте сөмкесіне есірткі сақтаған ару үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның “102” арнасына Еңбекші ауданының тұрғындары есірткі қылмысы туралы хабарламамен жүгінді.

Олар өз кварталында есірткі орындарын іздеп жүрген жастарға шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бейтаныс жігіт пен қыз үлкендердің ескертуіне агрессиямен жауап берген.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел топ барды. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде қыздың косметикалық сөмкесінен ұнтақ тәрізді заттар салынған 5 орама табылды.

Сараптама қорытындысан сәйкес, бұл жалпы салмағы 6 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталды.

Тергеушілер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену және сақтау) бойынша тіркеді.

Өз жауабында ханым екі күн бұрын түнгі клубтан қайтып келе жатып, жолда кездейсоқ «ұнтақтың» алты дозасы бар пакетті тапқанын айтты. Оның біреуін досымен бірге қолданып көріп, қалғанын косметикалық сөмкесіне тығып қойған.

Тергеушілер барлық қажетті дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жіберді. Ауыр қылмыс жасағаны үшін сот 31 жастағы Түркістан облысының тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкент полицейлері есірткі заттарымен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру