ШҚО ПД-да республикалық жас полицейлер слетінің ашылу салтанаты өтті
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің алаңында республикалық жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слетінің салтанатты ашылуы өтті, оған еліміздің барлық өңірінен 70-тен астам тәртіп сақшысы қатысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Слетті өткізудің мақсаты – жас полицейлердің кәсіби біліктілігін, тәлімгерлік рөлін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жас қызметкерлермен жұмысы олардың кәсіби сауаттылығымен, процессуалдық құжаттарды дайындауымен, қылмыскерлерді ұстау дағдыларын меңгерумен қатар, азаматтармен қарым-қатынаста тәртіп пен заңдылықты сақтауға бағытталған.
Дәстүр бойынша, іс-шара ашылу алдында жиналғандар қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алды. Үрмелі оркестрдің үнімен аза тұту гүл шоқтарын қою рәсімін Қазақстан ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков және ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жолдасов басқарды. Қаза тапқан тәртіп сақшыларын бір минут үнсіздікпен еске алып, қарудан үш рет оқ атылды.
Слетті аша отыра, Болсамбеков жиналғандарды қарсы алып, полицейлердің лайықты кадрлық өзегін қалыптастыру және жас қызметкерлермен дұрыс жұмыс істеу тәлімгерлік және кәсіби мақтаныш пен таңдаған кәсібі үшін жауапты болу институтының ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.
Одан соң қатысушылар ШҚО ПД оқу-жаттығу орталығына барып, қоян-қолтық күрес дағдылары мен тәсілдерін қолдана отырып қойылымдарын көрсетті.
Жетісу облысы ПД-ның жас полицейлері Темірлан Қажыханұлы, Шымкент қаласы ПД-дан Азамат Дауреханов және Абай облысы ПД-ның Самат Темербеков өз әсерлерімен бөлісіп, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, барлығына жемісті жұмыс пен керемет көңіл-күй тіледі.