Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жалдамалы жұмысшы тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен

Өскеменде жалдамалы жұмысшы тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілдеде Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны түнде белгісіз ер адам өзінің үйінің ауласындағы көлігін заңсыз иемденіп алғаны туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде 32 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Көлік қолхат бойынша иесіне қайтарылды. Тәртіп бұзушыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру