Өскеменде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде мотоцикл басқарған
Өскеменде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде мотоцикл басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 шілдеде Өскемен қаласының Мостовая көшесінде Тиккен мотоциклі мемлекеттік тіркеу нөмірсіз, белгілі бағытта үлкен жылдамдықпен жүрген. 31 жастағы қала тұрғынын полицейлер қуып жетіп тоқтатқанда, одан алкогольдің өткір иісі шыққан. Жүргізілген куәландыру кезінде жүргізушінің орташа дәрежелі масаң күйінде болғаны расталды.
Сонымен қатар 2022 жылдың 29 желтоқсанында Өскемен қаласының №2 әкімшілік сотының үкімімен өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Мотоцикл бірден мамандандырылған автотұраққа қойылды. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі поцессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігмен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, яғни 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Осы жылдың 6 айында облыс аумағында мотоцикл жүргізушілерінің кінәсінен 7 жол апаты тіркелді, салдарынан 7 адам зардап шекті.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады. Масаң жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.