Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

ШҚО-да қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері өңірдің ең апатты учаскелерін патрульдеу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Қазіргі уақытта демалыс маусымының басталуымен Өскемен – Рахман қайнарлары трассасы ең өзекті болып тұр. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол беруді жалғастырады. Олардың негізгілері, әрине, жылдамдық режимін асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, таңбалауды сақтау, қарсы жолаққа шығу.

23 шілдеде полиция қызметкерлері Өскемен – Алтай автожолын патрульдеу барысында бейнебақылау көмегімен 1982 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы «nfinity QX 80 автокөлігін тоқтатты. Ол қарсы көлік қозғалысына арналған сол жақ жолаққа шығып, сол жолақпен жүріп өтіп, жол жүрісі қағидасын өрескел бұзған.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. ШҚО полиция департаменті кезекті рет жол жүрісі қағидаларын сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру