Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер жалған жүргізуші куәлігін жасаған азаматты анықтады

Елордалық тәртіп сақшылары жалған жүргізуші куәлігін жасаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықпен күресу үшін жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде Алматы аудандық ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2018 жылы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) қылмыстық жауапкершілікке тартылған Түркістан облысының азаматы анықталды.

Мәселен, 2018 жылы Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қарағанды тас жолының бойындағы «Думан» бекетінде 33 жастағы ер адам басқарған Mersedes-Benz көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында ол тәртіп сақшыларына күмән тудыратын жүргізуші куәлігін көрсетіп, тәркіленіп, сараптамаға жіберілген.

Криминалистикалық сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші куәлігі түпнұсқа болмағаны расталған.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, ер азамат қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Бірақ ол сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер органдарынан қашып кеткен.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі, 4-тармағы (Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар) негізінде аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс мерзімінің ескіруіне байланысты тоқтатылған.
Алайда, жалған құжаттарды жасау фактісі бойынша материал жеке өндіріске бөлініп, одан әрі анықтама түрінде тексерілетін болған.

Астана қаласы полиция департаменті жүргізуші куәлігін дайындау тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және оны тек уәкілетті орган беретінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру