Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер өзгенің көлігін айдап кеткен Қостанай облысының тұрғынын анықтады

Ақтөбелік полицейлер өзгенің көлігін айдап кеткен Қостанай облысының тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының кезекші бөліміне сағат 13:00-де Атырау қаласының қалалық полиция бөлімінен Атырау қаласында Mersedes Benz көлігін заңсыз айдап кету туралы бағдар келіп түсті.

Ақтөбе облысы ПД барлық жеке құрамы осы көліктің орналасқан жерін анықтауға бағытталды.

2 тамызда Т.Жүргенов ауылының маңындағы Ақтөбе – Қарабұтақ – Қостанай автожолының 85-шақырымында Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының нарядымен ұрланған көлік ұсталды. Күдікті ретінде Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны анықталды. Ол кейіннен өзінің құқыққа қарсы әрекеттерін мойындады. 

Автокөлік Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің аумағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру