Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандар “Taza Qala” акциясына қатысты
Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандар “Taza Qala” акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы және Астана аудандық пробация қызметтерінің қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған “Taza Qala” акциясы барысында есептегі сотталғандар Ақтөбе су коймасының жағалауын қоқыстан тазартты.
7-9 тамыз аралығында “Жастар Елге!” кешенді іс-шарасы аясында “TAZA ALEM” волонтерлық бағыты бойынша өткен экологиялық акцияның мақсаты – қала жастарының және пробация есебінде тұрған жастардың бойына патриотизм ұялату, насихаттау және оларды табиғатты аялауға, корғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
Акцияға Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығы басшысынан бастап, қызметкерлері және Ақтөбе қаласының Астана, Алматы аудандары бойынша пробация қызметінің қызметкерлері, студенттер мен белсенді жастар, бірлестік мүшелері, пробация есебінде тұрған сотталғандардан құралған барлығы 60-қа жуық азаматтар белсенді атсалысты.