Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш тұрғыны ішімдік алу үшін өзгенің телефонын қолды еткен

Сарыағаш тұрғыны ішімдік алу үшін өзгенің телефонын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамның айтуынша, дүкенінде қуаттағышта тұрған Орро телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 200 мың теңге.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Осы ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті бөтеннің мүлкін сатып, ішімдікке жұмсаған. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру