Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 55 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді

Алматыда бір тәулікте 55 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жұмыс «Учаске» іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр. Мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

– Атап айтқанда, шетелдіктерді жұмысқа тарту орындары мен олардың заңсыз еңбек әрекеттері тексерілді. Бұл – хостелдер, көлік жөндеу шеберханалары, көлік жуу және жеміс-көкөніс өнімдерін сату орындары. Өткен тәулікте барлығы 55 шетелдік анықталып, қабылдап-таратуға орналастырылды. Өзбекстаннан – 33, Тәжікстаннан – 16 және Нигериядан – 3 және басқа да елдің азаматтары бар. Сонымен қатар Қазақстаннан дер кезінде шығудан жалтарған 66 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетелдіктерді қабылдаған 33 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру