Елордада велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті
Елордада велосипед ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде велосипедтерді әртүрлі тәсілдермен ұрлауға қарсы жоғары сапалы құлыптармен, арнайы кабельдермен бекіткенмен екі дөңгелекті көліктерді әккі ұрылардың ұрлап кету фактілері әлі де жалғасып жатыр.
Велосипед ұрлығына қатысты елорда тұрғыны үйінің кіреберісінде құлыпқа қалдырған велосипедінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген.
Қалалық криминалдық полиция басқармасының және Сарыарқа ауданы ПБ-ның КПБ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде велосипед ұрлығына қатысы бар 27 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.
Тергеу барысында күдікті тал түсте Потанин көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің ауласында демалып отырған адамның кейпін танытып, подъездердің бірінің алдында тұрған ақшыл-жасыл түсті Trinx велосипедін иеленіп кетуді жоспарлаған. Ол велосипедтің құлыпта тұрғанын көре тұра қасақана құлыпты бұзып, тұрған орнынан алып кеткені бейнекамараға түсіп қалған. Келтірілген шығын 120 мың теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді.
Бүгінде күдіктінің елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатысылығ анықталып жатыр.