СҚО-да сотталғандар ұлттық спорт түрлері бойынша жарыста жүлделі орындарға ие болды
СҚО-да есептегі сотталғандар ұлттық спорт түрлері бойынша жарыста жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында «Ақ бидай – 2023» жазғы спартакиадасы аяқталды. Оған СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтті: баскетбол, футбол, үстел теннисі, велоспорт, дойбы, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, гір және ұлттық спорт түрлері, бокс.
«Қызылжар – 2023» ұлттық спорт түрлері бойынша фестиваль аясында бірқатар есепте тұрған тұлға құрметті жүлделі орындарға ие болды.
Жекпе-жек ұлттық ойынына қатысқан сотталған Т. 55 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды қанжығаға байлады.
– Мен біраздан жылдан бері жекпе-жек жарыстарына қатысамын. Биыл екінші орынға ие болдым, барлық қатысушылар жекпе-жек тәсілдерін қолдану бойынша шеберліктерін көрсетті. Спорт – өмірімнің ажырамас бөлігі, 2010 жылдан бастап футболмен айналысамын. 2012 жылы көпсайыспен айналыстым. Ал жекпе-жекпен 2017 жылы айналыса бастадым, – дейді сотталған Т.