Жетісу облысының полицейлері спорт күнін атап өтті
Жетісу облысының полицейлері спорт күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының полицейлері спорт күнін атап өткен. Қатысушылар арқан тартыс, армрестлинг және гір тасын көтеру бойынша біріншілікке таласты. Кіл жүйріктер қатысқан дода тартысты өткен.
Жарысқа 10 команда қатысты. Арқан тарту сайысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды тылдық қамтамасыз ету мен ақпараттандыру және байланыс басқармаларының командасы, 2-орынды криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 3-орынды қанжылады.
Гір тасын көтеруде 1-орынды айдауылдау қызметі взводының айдауылшысы Нұржан Маратбеков, 2-орынды Талдықорған қаласының ювеналды полиция тобының учаскелік полицейі Дастан Мырзакулов, 3-орынды ЖКБ бас криминалисі Тимур Вайц иеленді.
– Армрестлингте Талдықорған патрульдік полициясының командирі Елдос Таурбеков жеңімпаз атанды, ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы Владимир Кострицин 2-орынға, ал айдауыл қызметі взводының инспекторы Айдын Аргынгазинов 3-орынға ие болды, – деп ұйымдастырушылар жарысты тәмамдаған.
Барлық жеңімпаздар кубоктаh, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталған.