Жамбыл облысында "Балалар есірткіге қарсы" атты іс-шара өтті
Жамбыл облысында "Балалар есірткіге қарсы" атты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы №13 орта мектепте "Балалар есірткіге қарсы" тақырыбында есірткіге қарсы кездесу өткізіліп, осы мазмұндағы роликтер көрсетілді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы", "JANUIA medical centre" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі, "Радонеж" орыс қауымдастығы, өзбек, неміс, еврей ұлттық-мәдени орталықтарының төрағалары, сондай-ақ мектеп басшылығы, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Мектеп оқушылары денсаулықты сақтаудың сенімді жолы – спортпен шұғылдану, жеке гигиенаны сақтау және есірткіге жол бермеу деген қорытындыға келді.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, патриоттықтәрбие болып табылады.
- Кездесу барысында қатысушыларға есірткіге қарсы мазмұндағы бүктемелер таратылды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс себептерінің бірі - есірткімен байланысты. Есірткі ұл балалар мен қыздарды әртүрлі қылмыстар жасауға, тіпті ата-аналарды алдауға итермелейді. Дені сау адамның мақсаты көп, ал нашақордың бір ғана мақсаты бар, - деді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.