Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 3 шетелдік азамат ұсталды

ШҚО-да еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 3 шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Моңғолияның 3 азаматын анықтады.

Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар мамыр айында келген, алайда оладың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Ұлан аудандық сотының шешімімен Моңғолияның үш азаматы да 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан шығарылды. Айта кету керек, ЖПІШ кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі ел аумағынан шығарылған.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру