“Мектепке жол”: Ақтаулық полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді
Ақтаулық полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары республика көлемінде өткізіліп жатқан “Мектепке жол” акциясына белсене қатысып жатыр.
Қайырымдылыққа бағытталған іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, жасөспірімдерге қолдау білдіру.
Полиция қызметкерлері балаларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын сыйға тартып, жылы лебіздерін жеткізді. Оқушылар және олардың ата-аналары полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Мұндай игі істер маңғыстаулық тәртіп сақшылары үшін дәстүрлі үрдіске айналып, жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.