Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да колониядағы сотталғанға есірткі жеткізбек болған азаматтың әрекеті әшкереленді

СҚО-да колониядағы сотталғанға есірткі жеткізбек болған азаматтың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жедел қызметтерінің басты міндеті – құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу және жолын кесу. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға, мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне қарамастан, азаматтар сотталғандарға тыйым салынған заттарды беру үшін оларды жасырудың одан сайын күрделі тәсілдерін қолданады.

Осылайша, СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінің қызметкерлерімен жедел ақпаратты іске асыру барысында сотталғанға жолданған сәлемдемені тексеру кезінде темекі сүзгісінен өсімдік тектес қара-қоңыр зат табылды. Кейін Петропавл қалалық ПБ жедел-тергеу тобы дереу шақырылды. Алынған зат сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша оның есірткі заты екендігі расталды.

Қазіргі уақытта жөнелтуші азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру