Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында ЖБО-ға “Полиция-102″ мобильдік қосымшасы арқылы мыңнан астам қоңырау келіп түскен

Биыл Ақтөбе облыстық ПД ЖБО-ға “Полиция-102″ мобильдік қосымшасы арқылы мыңнан астам қоңырау келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың басынан бастап ҚР ІІМ “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының полиция департаментінде азаматтарды қабылдаудың жаңа процесі – “Полиция-102” мобильдік қосымшасы пайдаланылуда. Осы жүйе арқылы азаматтар өтініш бере алады, аудио немесе бейне қоңырау арқылы “102” операторымен байланыса алады. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталып, оператор не болып жатқанын көріп және шұғыл ден қою шараларын қабылдай алады.

Осы мақсатта Ақтөбе қаласы ПБ жедел басқару орталығында 8 автоматтандырылған жұмыс орны құрылды және қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істейді.

Байланыс VPN тарату желісі арқылы ұйымдастырылған, азаматтардың өтініштерін бейне және аудио қоңырау арқылы қабылдау үшін жеткілікті жылдамдыққа ие.

Осы жылдың басынан бастап жедел басқару орталығына “Полиция-102” мобильдік қосымшасы арқылы барлығы 1041 өтініш келіп түсті, оның 931-і жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша, 45-і оқиғалар туралы, екеуі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы және 8-і жол-көлік оқиғалары бойынша өтініш болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру