Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында тергеу изоляторына телефон өткізу әрекетінің жолы кесілді

Атырау облысында “Тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде мен 17 тамыз аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында №75 мекемесіне келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік арасынан жасырылған телефонды анықтады.

Тексеру нәтижесінде тыйым салынған затты мекеме аумағына өткізуге әрекет жасаған азаматтың жеке басы анықталды.

Аталған факті бойынша азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мекемелердің ішкі аймағына телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейтінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру