Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды
Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұрлық Фуркат көшесіндегі ЖШС бірінің аумағында жасалған. Тергеу материалдарына сәйкес, 40 жастағы туған Н.есімді азамат күзетілетін аймаққа заңсыз кіріп, 2 жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.
– Күдікті анықталды және ұсталды. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қаскөйдің ұрланған мүлікті сатқан жері де анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың басқа да ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.