Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы банк өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

ШҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы банк өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйекте тәртіп сақшылары ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтің басшылығымен өңірдің 10-нан астам ірі банк өкілдерімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу және ашу бойынша жұмыс кездесуін өткізді.  Кездесуге сот өкілдері де қатысты.

Бүгінгі таңда облыс бойынша интернет-алаяқтықтың саны барлық қылмыстың 60%-дан астамын құрайды, ал келтірілген залал 600 млн теңгеден асады. Талдау көрсеткендей, алаяқтықтың негізгі тәсілі – бұл сенгіш азаматтарға айтарлықтай зиян келтіретін ірі көлемде онлайн-несиелерді рәсімдеу. Алдын ала жоспарланған қылмыстық схемаға сәйкес, ақшаны алуды дропперлер жүзеге асырады. Олар жеке деректерін банкоматтар арқылы пайдаланып, ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ұйымдастырушыларға әртүрлі тәсілдермен жеткізеді.

Жұмыс кездесуі барысында әрбір қатысушы өз ұсыныстарымен бөлісті. Онда интернет-алаяқтықтың алдын алу, аталған қылмыстық істерді тиімді тергеу бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар азаматтар аталған фактілер бойынша жүгінген жағдайда іс-қимыл алгоритмін қалыптастыру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру