Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында трактор жүргізушілеріне қатысты 70-ке жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының полицейлері 1 тәулікте трактор жүргізушілеріне қатысты 70-ке тарта құқық бұзушылықты анықтап, 24 тракторды айыптұраққа қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда облыс аумағында күзгі терім науқаны басталғандықтан түрлі техникалық жүк көліктері, комбайндар мен тракторлардың жолға жиі шығатыны белгілі. Осыған байланысты жол бойында болатын оқыс оқиғалардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында тәртіп сақшылары тексерісті күшейтті.

Яғни, Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауына сәйкес, техникалық жағдайы белгіленген талаптарға сай емес трактор техникасын пайдалану жайттарына тосқауыл қойып, анықтап, тыйым салуға байланысты Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Сауран аудандарында 12-16 қыркүйек күндері “Трактор” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шараға учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары жұмылдырылды. Сондай-ақ полицейлер тарапынан 130-дан астам трактор жүргізушілеріне көліктерінің тіркемелеріндегі жарыққа шағылыс беретін арнайы белгілерін түгелдеу, тіркемелерге адам (терімшілерді) отырғызбау жайында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 160-тан аса арнайы буклет таратылды.

Бұдан бөлек полицейлермен трактор жүргізушілеріне қатысты 1 күнде 69 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде техникалық байқаудан өтпегені бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен 31 дерек, құжатсыз трактор техникасын басқарғаны бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен 16 хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігімен 6 жайт анықталды. Сонымен қатар 24 трактор айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру