Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ орнын тапты

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының ҚАЖД қызметкерлері Жетісу облысының ПД ЭҚІҚБ және ҰҚКД-мен бірлесіп қару-жарақ сақталған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №14 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша “Қару” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қару-жарақ орналасқан жерді анықтады.

Бөлшектелген күйдегі Beretta аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, Калашников автоматына арналған ішінде патрондары бар оқжатар және қара түсті бронжелет Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Лепсы кентінің жол айрығының жанындағы арықтан табылды.

– Бұл факт Жетісу облысы ПД Сарқан қалалық полиция бөлімінде тіркелген. ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін №14 мекеме ҚАЖ қызметкерлері төрт қару орнын анықтаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру