Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны өзі жұмыс істеген дүкеннен ақша ұрлаған

Ақмола облысының тұрғыны өзі жұмыс істеген дүкеннен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл АПБ кезекші бөліміне маусым айында белгісіз адам дүкен кассасынан 200 мың теңге көлемінде ақшаны еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткені туралы өтініш келіп түсті.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары осы дүкеннің барлық қызметкерлерінен жауап алып, бейнебақылау камераларынан барлық жазбаларды мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер сынақ мерзімінде кассир болып жұмыс істеген 19 жастағы қызды анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру