Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат «ізін суытпай» қолға түсті

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат «ізін суытпай» қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында полицияның «102» арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама келді.

Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем барды. Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады. Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кірісті. Жедел уәкіл Арман Арипжанов қылмыскерлерді іздестіру бойынша өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, қашып кеткен адам бірінші кезекте жеке заттары мен құжаттарын алу үшін үйіне барады деп болжады.

Күдіктінің Түркістан облысы Ленгер қаласының тұрғыны екендігі және оның автокөлігінің жоқтығын білген жедел уәкіл бірден такси жүргізушілерінің тұрағына барды. Жүргізушілердің бірі іздеудегі ер адам ұқсас тұлға жаңа ғана Alphard-қа мініп кеткенін хабарлады. Полиция қызметкері дереу оның ізіне түсіп, көлікті Тоғыс елді-мекенінде тоқтатып, ер адамды ұстады.

Ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Аайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру