ШҚО тұрғыны өзі пайдалану үшін үйінде заңсыз есірткі өсімдіктерін өсірген
ШҚО тұрғыны өзі пайдалану үшін үйінде заңсыз есірткі өсімдіктерін өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО-да жедел уәкілдер Риддер қаласының тұрғынынан жеке пайдалану үшін өсірген 40-қа жуық қарасора бұталарын тапқан.
ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» ЖПІШ өткізу барысында 47 жастағы күдіктіден оның учаскесінде орналасқан жылыжайда өсірген, құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 39 бұтасын тәркіледі.
Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша, тәркіленген зат қарасора есірткі заты болып шықты, оның жалпы салмағы 2,5 келіден асады. Сонымен қатар жалпы салмағы 1475, 80 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі, 300-бабы 2- бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.