Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында Май ауданының полиция қызметкерлері Атамекен – Курчатов автожолында Ақсу қаласының 61 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде автокөліктің салонында жалпы салмағы 186 келіден асатын мөңке тұқымды балықтың 4 қапшығы табылды, рұқсат құжаттары болмаған. Сондай-ақ полицейлер Қытай өндірісінің 4 желісін және резеңке үрлемелі қайықты тәркіледі. Саты ауылдық округінің Айнакөл көлінен балық ауланғаны анықталды.
– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.
Полицейлер су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы заңды бұзбау керектігін ескертеді. Бұл бұзушылық қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».