Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 48 жасөспірім мен 54 қолайсыз отбасы есепке алынды

Ақтөбе облысының полицейлері 22-24 қыркүйек аралығында облыс аумағында өткізілген «Жасөспірім» республикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараны өткізу кезеңінде ішкі істер органдарына 343 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Олардың 255-і түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін болған. Тұрғылықты жері бойынша ІІО есебінде тұрған 279 кәмелетке толмаған және 284 қолайсыз отбасы тексерілді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 5 кәмелетке толмаған бала анықталды. Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылықтың 3 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы мен 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 27 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 48 жасөспірім мен 54 қолайсыз отбасы есепке қойылды. 

Сонымен қатар полицейлер рейдтік жұмыс барысында кәмелетке толмағандардан 3 тыйым салынған затты тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру