БҚО полицейлері заңсыз шаян аулаған браконьерді қолға түсірді
БҚО полицейлері заңсыз шаян аулаған браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО ПД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлерімен қыркүйектің 23 күні Переметный – Вечный тасжолында 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Niva автокөлігінің салонынан 16 қап шаян тәркіленді.
Жүргізуші бұл шаяндарды Бәйтерек ауданы бойындағы өзендерден аулағанын айтты. Келтірілген шығын анықталып жатыр.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО ПД полиция департаментінің қызметкерлерімен жыл басынан ҚР ҚК-нің 339-бабына (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес 51 факті, ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аңшылық) сәйкес 4 факті, ҚР ҚК-нің 340-бабына (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес 2 факті анықталды.