Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері скутер ұрлап, апатқа ұшыраған азаматты құрықтады

Шымкент полицейлері скутер ұрлап, апатқа ұшыраған азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға мегаполистің Әл-Фараби ауданында кеш қарайғанда болған. Қонақ үйдің жанына скутерін қойған азамат жарты сағаттан кейін қайтып келгенде, көлігінің ұрланғанын білген. Ол бұл туралы бірден полицияға хабарлады.

Тәртіп сақшылары арызды ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздеу шараларына кірісті. Сыртқы бейнебақылау камераларының жазбасын тексеру кезінде скутерді жас жігіт ұрлап кеткені анықталды. ЖБО-ның көшедегі бейнекамералары арқылы жедел уәкілдер оның ізіне түсті. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды.

Белгілі болғандай, скутердің қасынан өтіп бара жатқан жігіт оталдырғыштағы кілттерді байқап қалып, рөлге отырып, үйіне қарай бет алған. Ол үйінің қақпасына жақындай бергенде жолдың шұңқырына түсіп, ұрланған скутермен бірге жерге құлаған. Алайда кішігірім апат ұрының көлік құралын өз ауласына кіргізуіне кедергі болмаған. Ер адамның денсаулығына ешқандай зиян келмеді.

Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру