Ақмола облысында полицейлер жалған жанармай талондарын жасау фактілерін анықтады
Ақмола облысында полицейлер жалған жанармай талондарын жасау фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қыркүйек күні Жамбыл облысы Шу қаласының 49 жастағы тұрғыны Бурабай ауданының полиция бөліміне жүгініп, алаяқтық фактісі туралы хабарлады.
Жәбірленуші Астана – Петропавл автожолының 197-шақырымында белгісіз ер адам алдау арқылы өзіне тиесілі ақшалай қаражатты иемденгенін айтты.
Оның айтуы бойынша, алаяқ оған 400 литр ЖМҚС-ның жалған талонын сатқан. Залал сомасы 90 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.