Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіленді

Маңғыстауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша есірткі құқық бұзушылығының 230 дерегі тіркелді, оның ішінде 69-ы – есірткі қылмысы.

Есірткі қылмысын жасағаны үшін 183 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 70 келі 779 грамды құрайтын есірткі тәркіленіп алынды.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлерімен барлығы 220 профилактикалық іс-шара өткізілді. Ал рейдтік шара барысында 440 граффити жазуы жойылып, есірткі, психотроптық заттарды жарнамалаумен айналысатын 89 сайт бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру