Есірткі сақтаған қызылордалық азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Есірткі сақтаған қызылордалық азамат 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келіп түскен ақпарат бойынша қызылордалық полицейлер облыс орталығы тұрғынының пәтерінен есірткі заттарын тапқан. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар 3,4 келі марихуана, 6,57 грамм гашиш және 3,65 грамм қара сора тұқымдары болып шықты.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен айыпталушы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бөлек, оған сот сараптамаларының жүргізілгендігі үшін мемлекет кірісіне 159 262 теңге және жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы төлеуге тура келеді.