Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс жүргізді

Абай облысының полицейлері мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйек күні Абай ауданының полицейлері Кеңгірбай би ауылының “Шәкәрім атындағы орта мектебі” КММ оқушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқушыларға құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізді.

Жасөспірімдерге қорлық, зорлық-зомбылық, ұрлық, қасақана қылмыс жасау жөніндегі әрбір іс-әрекетке заң бойынша жауапкершілік көзделгені туралы атап өтілді. Сондықтан оқушылар үлкендерді құрметтеу, кішілерге деген ізгі ниет, қамқорлық, сапалы білім беру, саналы тәрбиемен қатар, лайықты тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеу қазіргі қоғамда ең сұранысқа ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар, балаларға “Абайлаңыз – балалар!” акциясы аясында жол қозғалысы ережелері түсіндіріліп, арнайы көшпелі сабақ өткізілді.

Жол қателіктерді кешірмейді, сондықтан жүргізушімен бірге жаяу жүргіншілер қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударуы керек. Жол бойында балаларға ойнауға, велосипедпен жүруге, жолдың жанында жүгіруге болмайтындығы туралы да айтылды.

Кездесу соңында оқушылар ҚР ІІМ жоғары ведомстволық оқу орындарын бітірген полиция қызметкерлерімен танысты. Жас полицейлер оқушыларға бейнеролик көрсетіп, балаларды полиция жұмысымен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру