Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 2 шетелдік елден шығарылды

Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 2 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде нарықта киім сатуды жүзеге асырып, сол арқылы жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алмай еңбек қызметімен айналысқан көршілес республиканың 2 азаматын анықтады.

Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін материал сотта қаралды, Аягөз аудандық сотының шешімі бойынша шетелдіктер Қазақстан Республикасынан шығарылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру