Павлодар облысының тұрғыны қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Павлодар облысының тұрғыны қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қорғау нұсқамасын бұзған Екібастұз қаласының 54 жастағы тұрғыны тұрмыс саласындағы құқық бұзушылық үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
– Ер адам қыркүйек айының басында азаматтық жұбайына отбасылық жанжал шығарды. Оның қауіпсіздігі мақсатында учаскелік инспектор жұбайына қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын тіркеді. Алайда, 30 қыркүйекте ер адаммен қайтадан жанжалдасып, осылайша қорғаныс ұйғарымын бұзды. Бұл бұзушылық үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам он тәулікке қамауға алынды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап полиция арызданушылардан тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына ауысқанын еске салады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің арызынсыз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша әкімшілік іс қозғауға мүмкіндік береді.
Тәртіп сақшылары хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің жазбалары жеткілікті екенін атап өтті. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Сонымен қатар, осындай фактілерді қарау кезінде кінәлі адам сотта татуласу құқығынан айырылады.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сәттен бастап Екібастұз полициясына отбасылық жанжалдар бойынша 500-ден астам өтініш келіп түсті, 302-ден жәбірленушілердің арызсыз әкімшілік істер қозғалды. Сот 54 құқық бұзушыны 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алды.