ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген тай массажистері құрықталды
ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген тай массажистері құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан. Полицейлер “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Тайландтың үш азаматын анықтады.
– Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон басқармасының бастығы Жеңісқанов Нұрлан.
Үш күн ішінде “Заңсыз келуші” ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.