Шымкенттегі медицина академиясында есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкенттегі медицина академиясында есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында мегаполис полицейлері жастар арасында профилактикалық дәріс өткізіп жатыр.
Қылмыстың алдын алуға және оны болдырмауға бағытталған кезекті дәріс Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өтті.
Шараға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков қатысып, студенттерге есірткі қылмысына байланысты заңда көзделген жауапкершіліктерді жіті түсіндірді.
Сондай-ақ дәріхана нашақорлығының қаупі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болуға шақырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың, әсіресе жастардың арасында есірткінің таралуына тосқауыл қою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.