СҚО ПД жедел уәкілі қызметтің ерекшелігі туралы айтып берді
СҚО ПД жедел уәкілі қызметтің ерекшелігі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Өзіңді аямау қажет» — жедел уәкілдің басты ережесін Солтүстік Қазақстан полициясының үздік қызметкерлерінің бірі Руслан Ботин айтып берді.
2009 жылы ол Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатын жоғары балмен бітірді. Полициядағы қызметін 2013 жылы М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітіргеннен кейін бастаған. Жұмысқа «кірісіп кету» оңайға соққан жоқ. Алайда оның бірінші басшысы Дулат Мұхаметрахимов оның әлеуетін басынан байқап қалған. «Қалайсың ба, жоқ па, мен сенен бәрібір нағыз жедел уәкіл шығарамын” деп ол барлық жерде жас қызметкерді өзімен бірге алып жүріп, жеке мысалымен үйреткен.
– Дулат Қизатұлына қарап, жедел қызметкер тез ойланып, үлкен шыдамдылық танытып, ең бастысы — өзін-өзі аямау керек екенін түсіндім. Содан соң оқу кезіндегідей бағалауды күтпеу қажет. Сен мұнда топпен жұмыс істейсің, – дейді Руслан.
Руслан қызмет жолын Петропавл қалалық ПБ-ның екінші бөлімінде бастады. Содан кейін қалалық полиция басқармасында қызмет етіп, 2018 жылы екінші ПБ криминалдық полиция бөлімін басқарды. 2022 жылдан бастап СҚО ПД аппаратында аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкіл қызметін атқарып келеді.
– Департамент басшылығының арқасында жеке және кәсіби өсу үшін барлық жағдай жасалған. Біз ауыр және аса ауыр қылмыстармен айналысамыз, ықтимал қаскүнемдерді көз алдымызда ұстауға, қылмыстардың алдын алуға бағдарланғанбыз, – деді Ботин.
Мысал ретінде ол осы жылдың ақпан айында орын алған бопсалау қылмысын келтірді. Кешегі күнгі үш студент жастардан ақша сұрай бастады. Жәбірленушілердің ешқайсысы төнген қауіптен қорқып, полицияға жүгінбеген. Соған қарамастан, сол айда қылмыс анықталып, алды алынды. Қазір заң бұзушылар жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.
– Ауыр қылмыстардың әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, ұстау көбінесе арнайы бөлімшелердің көмегімен жүзеге асырылады. Жыл басынан бері мен 23 ауыр және аса ауыр қылмысты ашуға қатыстым, оның ішінде интернет-алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты шетелге жіберген дропперлерден құралған топты ұстау бар. Мұның бәрі топтық жұмыс пен қылмысты жоюға және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа полиция қызметтерімен өзара әрекеттесудің нәтижесінен болды, – деп сөзін аяқтады Руслан.