Астанадағы компьютерлік клубта телефон ұрлаған елордалық азамат құрықталды
Астанадағы компьютерлік клубта телефон ұрлаған елордалық азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 28 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адам Абылай хан даңғылындағы компьютерлік клубқа келгені белгілі болды. Таңғы сағат 07:30 шамасында ол әкімшінің жұмыс орнында ұйықтап жатқанын және оның ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған. Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орнынан iPhone 7 телефонын алып кеткен. Анықталғанындай, ер адам ұрланған гаджетті елордалық кафелердің бірінде төлемнің орнына қалдырып кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.