Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ІІО ардагерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті

Жамбыл облысында ІІО ардагерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің қолдауымен Меркі ауылында ішкі істер органдарының ардагерлері арасында Меркі ауданының 95 жылдығына арналған шағын футболдан облыстық жарыс өтті.

Жарысқа ішкі істер органдарының қалалық және аудандық бөліністерінің ардагерлері қатарынан құралған командалар қатысты.

Шиеленіске толы жарыстың нәтижесінде жүлделі 1-орынды Тараз қаласы ПБ ардагерлер командасы, 2-орынды Меркі АПБ ардагерлері және 3-орынды Шу АПБ ардагерлер командасы иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар, сондай-ақ “Үздік шабуылшы”, “Үздік футболшы” және “Үздік қақпашы” номинациялары бойынша арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Жарыстың әділ өтуін қамтамасыз еткен бас төреші Е.Татеновтің басшылығымен өткен турнир төрешілеріне “Әділ төрешілер” номинациясы бойынша жүлделер табысталды.

– Салауатты өмір салтын насихаттауда ішкі істер органдары ардагерлерінің жоғары азаматтық белсенділігін атап өткен жөн. Жарыстың барлық қатысушылары қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ардагерлерiмiз әрдайым мықтылықтарын мойындата берсін, – деп атап өтті Жамбыл облысы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин.

Ұйымдастырушылар спорттық жарысқа қатысушыларға көрсеткен белсенділігі мен командалық рухы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру