Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте дүкен күзетшісі адалдығы үшін алғысқа бөленді

Шымкентте дүкен күзетшісі адалдығы үшін алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Имран бекетіндегі патрульдік полиция полкінің кезекшіліктегі қызметкерлеріне дүкен күзетшісі әмиян тауып алғанын айтып жүгінді.

Ер адам сауда нүктесі жабылатын кезде жерден қара әмиян тауып алғанын, ішінде Сергей есімді азаматтың құжаттары мен қаражаты болғанын жеткізді. Адал азамат жоғалған әмиянның иесін өз бетінше табуға тырысқанымен, іздеу жұмыстары оң нәтиже бермепті. Осылайша ол полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуді шешкен.

Тәртіп сақшылары жеке мәліметтер арқылы жергілікті тұрғынды дереу іздестіріп, әмиянның табылғанын және оның күзетші қолында екенін хабарлады. Жоғалған құжаттар мен қаржы заңды иесіне тапсырылды. Күзетшінің адалдығы мен көрсеткен көмегі үшін полицейлер де, әмиян егесі де оған шексіз алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру