Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа алданды

Тұран АПБ-на қала базарларының бірінде орналасқан дүкен иесі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, оған клиент кейпінде келген жас қыз байқатпай кәсіпті дамыту туралы әңгіме бастаған. Әйелді әбден қызықтырған соң, оған бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты оңай алып бере алатынына сендірген. Ол өз «қызметін» 200 мың теңгеге бағалап, сенгіш азаматтан ақша алып, байланыс үшін телефон нөмірін қалдырып кеткен. Біраз уақыт өткен соң, сатушы әйел алаяққа алданғанын түсінген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция күдіктіні іздеуге кірісті. Атқарылған шаралардың нәтижесінде жас қыз 24 сағат ішінде қала аумағында ұсталды.

– Ұсталған азаматшаның осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді тергеуші Азамат Қайсаров.

Полиция қызметкерлері азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге, мемлекеттік қызметті тек тиісті мемлекеттік органдардан алуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру