Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында млн теңгеден астам айыппұлы бар такси жүргізушісі анықталды

Түркістан облысының полицейлері млн теңгеден астам айыппұлы бар такси жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен айыппұл төлемеген Nissan Maxima автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Яғни жедел басқару орталығынан “Қорғау” бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі бойынша хабарлама полиция планшетіне түсті. Осыдан соң полицейлер көлікті Самара – Шымкент тас жолында тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізуші жеке тасымалдаумен айналысатыны анықталды, ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты. Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, Nissan Maxima автокөлігінің иесі 1 280 000 теңгеден астам сомаға айыппұл төлемеген. Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру