Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ҚАЖД мекемесінде үздік жасақ бастығы таңдалды

Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №44 (қауіпсіздігі неғұрлым төмен) мекемесінде жыл сайынғы өтетін “Үздік жасақ бастығы” байқауының финалы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл атақ үшін облыстың 5 мекемесінің өкілі бас сынады. Нәтижесінде екінші кезеңде 4 жасақ бастығы кездесті, 4 кезеңнің қорытындысы бойынша №63 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінің жасақ бастығы Сәкенов Алтынбек көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби даярлығын, сондай-ақ алғашқы дәрігерлік көмек көрсету дағдыларынан жақсы көрсеткіштер көрсетіп, үздік жасақ бастығы болып танылды. Екінші жүлдегер қауіпсіздігі неғұрлым төмен мекемесінің жасақ бастығы Таңатар Нұржан, үштікті қауіпсіздігі орташа мекемесінің жасақ бастығы Қуаныш Юсупбаев түйіндеді.

– Байқау дәстүрге айналды және жаңа есімдерді ашуда, өткен жылы Нұржан екінші іріктеу кезеңіне өте алмады, алайда биыл дайындықтың арқасында нәтижеге қол жеткізді. Тәрбие қызметі – бұл бөлімдегі негізгі буын екенін айта кеткен жөн. Жасақ бастығы көп уақытын сотталғандармен өткізеді, сот процесстеріне материалдар дайындайды, әр сотталған туралы бәрін біледі, – дейді ҚАЖД сотталғандардың тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Мадина Нуркенова.

Әділ қазылар алқасының құрамы ерекше назар аударуға лайық, ол құрамда облыстың үкіметтік емес ұйымдары мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру