Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ұрлық жасаған күдіктілердің ісі бейнебақылауға түсіп қалған

Елордада ұрлық жасаған күдіктілердің ісі бейнебақылауға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицияға қала тұрғыны осыдан бірнеше күн бұрын бұзылып қалған мопедін өзге аулада қалдырып кеткендігін, қайта алуға барса орнынан таппай қалғандығы туралы арызданған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері құны 300 мың тұратын Samsung скутерін тапты.

Тергеу барысында белгілі болғаны, мопед бірнеше күн бойы көшеде тұрған. Алдымен аулада жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлер, иесіз мопедті үйдің кіреберісіне кіргізіп қойған. Осы мүліктің қараусыз қалғандығын байқаған 38 жастағы қала тұрғыны бірінші күні сыртынан торуылдап, екінші күні құнды затты қолды еткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазіргі уақытта ол мойындау көрсетпелерін берді.

Сонымен қатар 26 жастағы елордалық тұрғынның да велосипед ұрлығы бейнебақылауға түсіп қалған.

Тергеу барысында жас жігіт оңай жерден олжалы болу үшін қараусыз қалдырылған велосипедті әдейі іздегені анықталды. Ол кешкі уақытта қараңғылықты пайдаланып, дәмхана маңындағы екі доңғалақты көлікті ұрлауға бел буған. Сөйтіп иесінің жоқтығын аңғарған ол велосипедті иемденіп оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Қазіргі уақытта ұрланған BMX велосипеді кәмелетке толмаған жеткіншекке қайтарылды. Аталған екі фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Көлік құралын ұрылардың жеміне айналдырмау үшін, ұрлыққа қарсы жоғары сапалы велосипед құлыптары мен шынжырларын пайдаланыңыз. Тұраққа қою кезінде бейнебақылау камералары орналасқан жерге қалдырған дұрыс, – дейді Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбшекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру