Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай арнасы құрылды

Павлодар облысында азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай арнасы құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында өткен жылдан бастап «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның негізгі бағыты учаскелік полиция моделін енгізу, мақсаты – халыққа сервистік қызмет көрсету.

– Осыған байланысты Павлодар қаласының учаскелік полиция пункттерінің жұмыс режимі өзгертілді, олар қазіргі уақытта күніне 12 сағаттан үзіліссіз ашық, бұл азаматтарға күні бойы, оның ішінде түскі уақытта полицияға жүгінуге мүмкіндік береді. Азаматтардың өтініштерін қалалық және бірыңғай ұялы телефон нөміріне қабылдаудың бірыңғай арнасы құрылды. Барлық хабарламаларды кезекші азаматтардың өтініштерінің электрондық журналына тіркейді, бұл тұрғындар тарапынан шағымдарды болдырмайды және келіп түскен барлық өтініштерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жүйені автоматтандыру жоспарланып жатыр, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін тәуекелді бағалау парағы енгізілді. Бұл парақтарды жәбірленушіге сауалнама жүргізу арқылы барлық тұрмыстық оқиғалар бойынша учаскелік инспекторлар толтырады, бұл жәбірленуші мен агрессорлардың портретін дәлірек қалыптастыруға, сондай-ақ зардап шеккендердің тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың «жоғары» қаупі бар 52 құрбанына психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

– Қоғаммен әріптестікті іске асыру аясында айына екі рет «Үміт үзбеу» қоғамдық бірлестігінің психологы және заңгері Павлодар қаласы ПБ арнайы қабылдағышына орналастырылған агрессорларға психологиялық және консультациялық көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырды, – дейді полиция ведомствосында.

«Бағдаршам» әдісі бойынша «102» операторының пультіне келіп түсетін хабарламаларға ден қою тетігі әзірленді, яғни полиция нарядтары бірінші кезекте шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін шақыртуларға жіберіледі.

Сондай-ақ өтініш берушімен кері байланыс тәжірибесіне енгізілді. «102» операторы патрульге өтініш берушінің телефон нөмірі бар оқиғаның электрондық карточкасын жібереді. Жол бойында полицейлер өтініш берушімен хабарласып жатады. Оқиға орнында өтініш беруші болмаған жағдайда, оған телефонына фотоесепті қоса бере отырып, шақыруды пысықтау бойынша нәтиже жіберіледі. Бұл процедура тұрғындардан оң пікір алды.

Айта кету керек өзара іс-қимыл және әріптестік аясында Торайғыров университетімен 4 бағыт бойынша: эмоционалдық интеллект, конфликтология, құқықтық талдау, құқықтық жазу бойынша сервистік жұмыс моделінің полиция дағдыларын оқыту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Учаскелік полиция пункттері жанынан жұртшылық кеңестері құрылды, олардың құрамына мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері кірді, олар қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Құқықтық тәртіп сақшылары азаматтарға ыңғайлы болу үшін апта сайын сенбі күндері өткізілетін «ZOOM» платформасы арқылы онлайн-форматта жиындар өткізудің жаңа форматы іске қосылғанын хабарлайды. Жоғарыда аталған жиындарда әкімшілік учаскенің проблемалық мәселелері талқыланады, бұдан әрі жергілікті атқарушы органдарды қосу проблемаларын шешу бойынша шаралар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру