Тараздық тұрғынның үйіне қонаққа барған азамат алтын бұйымдарды ұрлап кеткен
Тараздық тұрғынның үйіне қонаққа барған азамат алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағыммен жүгінді. Әйелдің айтуынша, бір күн бұрын үйіне қонақтар келген. Олар кеткен соң алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған. Қонақтардың бірі үйден құны 5 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы Астана тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған ер адам өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.